Қызылордада каналға құлап кеткен тракторшы құтқарылды

0
759

Құтқарушылар кабина ішінен 1973 жылғы азаматты сыртқа шығарды.


Қызылордада каналға құлап кеткен тракторшы құтқарылды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында жедел құтқару жасағының мамандары каналға құлаған тиегіш трактор ішінде қалып қойған 50 жастағы азаматты құтқарып қалды, деп жазады inform.kz.

Оқиға бүгін, 24 қазанда сағат 8.50 шамасында Сырдария ауданына қарасты Жетікөл ауылында болған.

«Сол аумақтағы канал ішіне тиегіш трактор аударылып, ішінде адам қысылып қалған. Түскен хабарлама бойынша оқиға орнына жедел құтқару жасағынан 7 құтқарушы 2 техникамен барды. «XCMG LW300KN» маркалы тиегішінің жүргізушісі өздігінен канал ішіне аударылып құлап кеткен. Құтқарушылар кабина ішінен 1973 жылғы азаматты сыртқа шығарды. Ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің» баспасөз-хатшысы Әлия Ережепова.