Қызылордада көліктен бойжеткеннің бассыз денесі табылды

0
2 928

Полиция күдіктіні ұстады, көлігінен мәйіт табылған жігіттің қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр


Қызылордада көліктен бойжеткеннің бассыз денесі табылды

ERNUR.KZ. Қызылорда тұрғындары әлеуметтік желіде сәрсенбі күні болған қайғылы оқиға жайында жазып жатыр. Қала түбіндегі Тасбөгет ауылында өзен жанындағы көліктен бойжеткеннің бассыз денесі мен жарақат алған жігіт табылды, деп жазады sputniknews.kz.

басы көлікке жақын жерде жатқан. Жігіт ауруханаға жеткізіліп, қыздың денесі сараптамаға жөнелтілді.

Екеуінің де кім екені белгілі. Жігіт – облыс аудандарының бірінің тұрғыны, қыз – Қызылордадан. Екеуінің де жасы жиырмадан асқан.

"Мәйіттің табылу дерегі бойынша Қызылордада ҚР Қылмыстық кодексі 99-бабы 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр" — деп мәлімет берді облыстың ішкі істер департаменті.

Күдікті ұсталды, мән-жай анықталуда".

Полиция көліктен табылған жігіттің қыздың өліміне қатысы бар-жоғы туралы ешқандай мәлімет берген жоқ.