Қызылордада отбасылық демалысқа барған әйел көлге батып кетті

0
468

50 жастағы әйел отбасылық демалысқа барған.


Қызылордада отбасылық демалысқа барған әйел көлге батып кетті

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында отбасылық демалысқа барған әйел көлге суға батып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға Сырдария ауданына қарасты Қоғалыкөл ауылында болған.

Елді мекен жанындағы Ызакөл аумағына 50 жастағы әйел отбасылық демалысқа барған.

«Бұл жөніндегі хабарлама № 12 өрт сөндіру бөлімінің байланыс нөміріне түсті. Онда көлге суға шомылмақ болған әйел көлге батып кетіп, көз жұмғаны айтылған. Оның денесін тұрғындар шығарып алған», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қызылордада 14 жастағы жасөспірім каналға батып кеткен еді.

Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде тұратын 2007 жылы дүниеге келген жасөспірім арнайы белгіленбеген орында суға түсіп, көз жұмған.