Қызылордада төлем терминалын тонаған 4 күдікті қолға түсті

0
392

​Қызылордада дүкендер мен дәріханалардағы төлем терминалдарын тонаған 4 адам қолға түсті. Күдіктілердің барлығы жергілікті тұрғындар.


Қызылордада төлем терминалын тонаған 4 күдікті қолға түсті

ERNUR.KZ. Олар қылмыстық әрекеттерін тек түнгі уақытта жүзеге асырып отырған. Құрылғының ішіндегі ақшаны алып, қылмыстың ізін жасыру үшін терминалдарды қала сыртындағы су айдынына тастап келген, деп жазады qazaqstan.tv.

Алайда полиция көп ұзамай төрт азаматты ұстады. Күдіктілердің екеуі қамауға алынып, екеуіне ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазір шығын көлемі есептеліп, олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.