​Қызылордада жантүршігерлік жол апаты болды

0
1 782

4 адам қаза тапты.


​Қызылордада жантүршігерлік жол апаты болды

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласында жол апатынан 4 адам қайтыс болды, деп жазады Baq.kz.

Жол-көлік оқиғасы 1 қазан күні Қызылорда қаласындағы Президент саябағы маңында орын алған. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «ВАЗ» және «SNACMAN» автокөліктері соқтығысқан.

«Жол көлік оқиғасы фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен тергеп-тексеру басталды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қайтыс болып, екеуі медициналық мекемеге жеткізілді. Бүгінгі күнге жеткізілген екі азаматтың біреуі медициналық мекемеде қайтыс болды», – деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.