Қызылордада жүргізуші аялдамада тұрған үш адамды қағып өлтірді (видео)

0
1 372

Тағы 2 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған.


Қызылордада жүргізуші аялдамада тұрған үш адамды қағып өлтірді (видео)

ERNUR.KZ. Алдын ала ақпарат бойынша, апат салдарынан 3 адам қаза тапты, деп жазады Stan.kz.

Қайғылы оқиға бүгін таңертең Назарбаев даңғылында болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі белгісіз себептермен Mercedes-Benz көлігіне соқтығысқан, содан кейін көлікті басқара алмай, аялдамада тұрған адамдарды қаққан.

Жәбірленушілердің үшеуі жарақаттар алды деп хабарлайды. Олар оқиға орнында қайтыс болды. Сонымен қатар, тағы 2 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Олар шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ, адамдардың өліміне себеп болған күдікті ұсталғаны белгілі. Қазір ол УҰИ-да. Мамандар қазірдің өзінде қажетті сараптама жүргізе бастады.

Құқық қорғау органдары «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол ережелерін бұзуы немесе көлік құралдарын пайдалану» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.