Қызылордалық әйел егіз сәбиін сатты деген күдікке ілінді

0
363

Баласын сатпақ болған әйелдің жасы – 44-те.


Қызылордалық әйел егіз сәбиін сатты деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында егіз сәбиін сатты деген күдікке ілінген әйел анықталды, деп жазады sputnik.kz.

Баласын сатпақ болған әйелдің жасы – 44-те.
"Қызылорда облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру кезінде 44 жастағы әйелді анықтады. Ол өзінің 2023 жылы туған сәбилерін сатқан", - дейді ведомство.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініің 135-бабы 1-бөлігі "Кәмелетке толмағандар саудасы" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, дейді полиция.