Қызылорданың қаруланған жастары тапа-тал түсте бірін-бірі қуалап жүр (видео)

0
1 284

Біраз жерге қашып келген жігіттердің бірі көшеде кетіп бара жатқан адамдарға қарамастан сөмкесінен шолақ мылтық алып, әлдекімдерді қуа жөнеледі.


Қызылорданың қаруланған жастары тапа-тал түсте бірін-бірі қуалап жүр (видео)

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласында тапа-тал түсте болған атыс видеоға түсіп қалды. Бейнежазбада әлденеге келісе алмаған жігіттердің бірін-бірі қуып жүргені анық көрініп тұр. Біраз жерге қашып келген жігіттердің бірі көшеде кетіп бара жатқан адамдарға қарамастан сөмкесінен шолақ мылтық алып, әлдекімдерді қуа жөнеледі.

Қызылорда облыстық ІІД өкілдері бұл оқиғаның Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі бойында орын алғанын растады. Қазір бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталғанын хабарлады.

видео желіден алынды