Ленинге тақия кигізгенмен Абай болмайды! (видео)

0
3 461

Шынында да ескерткішке анықтап қарағанда оның коммунистер көсемі Владимир Ульянов (Ленин) екені көрініп ақ тұр.


Ленинге тақия кигізгенмен Абай болмайды! (видео)

видеодан алынған кадр

ERNUR.KZ. Ғаламторда пайда болған видео желі қолданушыларының жаппай ашуын тудырды. Кадрдан тыс сөйлеп тұрған бейнежазба авторының айтуынша, таспа Ақмола облысы Степногорск қаласындағы №5 мектеп ауласында түсірілген.

"Мұнда бұрын Лениннің ескерткіші тұратын. Енді қараңдар, Лениннің басына тақия кигізіп "Абай Құнанбаев" деп қоя салған", - дейді кадр сыртындағы дауыс.

Шынында да ескерткішке анықтап қарағанда оның коммунистер көсемі Владимир Ульянов (Ленин) екені көрініп ақ тұр. Тек бюсттің басына тақия "кигізіп", астына қазақтың ұлы жазушысының аты жазылған тақтайша жапсырылыпты.

Видеоны көрген желі қолданушылары "Ленинге тақия кигізгенмен Абай болмайды!" деп ашуланса, енді бірі "Абайдың ескерткішіне бөлінген ақшаны жеп қойғасын, осылай орнын толтырған шығар. Қазаққа жемқорлықты үйреткен де солар емес па" деп ызалы мысқылын білдіріп жатыр.