Лисаков қаласы әкімдігінің қызметкері кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді

0
563

Ер адам әлеуметтік желілерде қыздармен танысып, өзіне ғашық қылған, ал жақын қарым-қатынастан кейін жаңа құрбан іздеген болуы мүмкін.


Лисаков қаласы әкімдігінің қызметкері кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Кәмелетке толмаған қыздың анасы Лисаков қаласының Ішкі саясат бөлімінің басшысы қызын зорлады деп айыптады. Әйел полицияға арыз берген, деп жазады tengrinews.kz.

Құқық қорғаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желілерде президентке істі бақылауға алу туралы өтінішпен жүгінді. Полиция қызметкерлері басқа да жәбірленушілер болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінуін сұрайды.

Басылым мәліметінше, ер адам әлеуметтік желілерде қыздармен танысып, өзіне ғашық қылған, ал жақын қарым-қатынастан кейін жаңа құрбан іздеген болуы мүмкін. Ол парақшасында өзінің нақты жасын жасырып, отбасылық жағдайы туралы айтпаған. Ер адам үйленген, баласы бар.
"Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 3-1-бөлігі, 1-тармағы ("Кәмелетке толмаған баланы зорлау") бойынша соталды тергеу басталды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Осы өтініштен басқа полицияға басқа арыздар мен хабарламалар түскен жоқ. Полицейлер жәбірленушілер болған жағдай құқық қорғау органдарына хабарлауын сұрайды. Ақпарат құпия сақталатынына кепілдік беріледі", - деп түсіндірді Полиция департаменті өкілі.