Лондон Олимпиадасының жүлдегеріне 10 жылдан кейін пәтер берілді

0
433

Дәулет Шабанбай – Азия чемпионатының төрт дүркін (2008, 2009, 2011, 2014) қола және Азия ойындарының күміс жүлдегері.


Лондон Олимпиадасының жүлдегеріне 10 жылдан кейін пәтер берілді

ERNUR.KZ. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Лондон олимпиадасының жүлдегері Дәулет Шабанбайға пәтер кілтін табыстады, деп жазады ulysmedia.kz.

Дәулет Шабанбай – Азия чемпионатының төрт дүркін (2008, 2009, 2011, 2014) қола және Азия ойындарының күміс жүлдегері. Биыл қыркүйек айында допингке қарсы тексерістер және Грузия мен Өзбекстан спортшылары нәтижелері есепке алынбағанынан кейін ол Лондонғы 2012 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Спортшы мансабын аяқтағаннан соң палуан жаттықтырушы болмақ.

«Басты мақсат – жастарға тәжірибем мен еңбексүйгіштік қасиеттерді жеткізе білу. Еңбек бәрін де жеңбек. Қазақстан спортының туы биікте желбірей берсін», – деді Дәулет Шабанбай.

Өңір басшысы Олимпиада жүлдегерінің спортты дамытудағы еңбегін жоғары бағалап, Павлодардағы бір бөлмелі пәтер кілттерін табыстады.