Мәдениет министрлігі жылқыларды жалға алуға 21 млн теңге жұмсайды

0
682

Ақтоты Райымқұлованың ведомствосы 15 жылқыны жалға алуға 21 млн теңге бюджет қаражатын жұмсауды жоспарлап отыр.


Мәдениет министрлігі жылқыларды жалға алуға 21 млн теңге жұмсайды

ERNUR.KZ. Тиісті лотты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Ұлттық және Ат спорты түрлері орталығы орналастырды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Министрлікке жуас, үйретілген асыл тұқымды жарау жылқылар қажет көрінеді. Техникалық сипаттамада қатаң талаптар көрсетілген. Жылқылардың тұқымы: Ағылшын, Араб, Қостанай, Орлов, Ақалтеке асыл тұқымдары болуы шарт.

Сонымен қатар:

  1. Жылқының мерзімі 5 жылдан аспаған бәйгеде немесе үш сайыста жүлделі жетістіктері болуы керек. Озып келгені хаттамалармен расталуы шарт.
  2. Жылқының шығу тегі жылқы зауыттарымен құжатталуы керек. Жылқының барлық белгілері бар, сондай-ақ шығу тегі түгел тізбеленген паспорты болуы керек. Барлық егілген вакциналарды көрсететін ветеринариялық паспорты бар чиптеу керек. Жылқылардың шығу тегінің дұрыстығын растайтын иммуногенетикалық құжат.
  3. Жылқылардың жасы 4 пен 13 жас аралығында болу керек;
  4. Жылқылардың жүрісі жеңіл, қозағалысы еркін, секіру техникасы сапалы, кедергілерден қорықпауы керек. Сонымен қатар ат үркек болмауы тиіс. Жылқының бітімі мығым, алдыңғы, артқы сирақтары мықты болуы керек. Сондай- ақ, жылқы жуас, асау мінез көрсетпейтін төзімді, тәрбиелі болуы шарт.
  5. Сонымен қатар, жылқыларда халықаралық стандарттарға сай екенін дәлелдейтін чип болуы керек.

Скриншот: goszakup.gov.kz

Жалға алу құнына төмендегі қызметтер де кіреді:

- жылқыларды баптау;

- жылқыларды тамақтандыру;

- ветеринариялық-медициналық қызмет көрсету.

Бір жылқыны айына жалға алу сомасы - 131 621 теңгені құрайды. Лот бойынша байқау 30 қарашада аяқталады.