Мәдениет министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы 8 жылға сотталды

0
733

Ол жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейді.


Мәдениет министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы 8 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында еліміздің мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев пен әдеп жөніндегі уәкіл Еренай Дәржібаевқа қатысты сот өтті. Сот экс-шенеуніктерді қомақты көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды ktk.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, Қуатжан Уәлиев пен Еренай Дәржібаев қомақты көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылған. Олар діни әдебиеттің шығарылуы бойынша мемлекеттік сатып алулар келісімшартын жасау жолы арқылы қорғаншылығы үшін пара алыпты. Сот мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Уәлиевті 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейді. Ал бұрынғы әдеп жөніндегі уәкіл Дәржібаевқа 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Сонымен қатар сотталушылардың екеуі де мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.