Мәдениет және өнер саласындағы қызметкерлердің еңбекақысы көтерілді

0
859

Жалпы 36,4 мың адам қамтылды, оның ішінде республикалық деңгейде – 3 мың адам, аймақтық деңгейде – 31 мыңнан астам адам.


Мәдениет және өнер саласындағы қызметкерлердің еңбекақысы көтерілді

Жыл басынан бері мәдениет және өнер саласындағы 36 мың қызметкердің еңбекақысы көтерілді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Мәдениет және спорт саласындағы қызметкерлердің әл-ауқатын арттыру біздің жұмысымыздың бір бөлігі. Мемлекет басшысының Жолдауын орындау мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мәдениет және өнер ұйымдары жұмысшыларының еңбекақысы республикалық деңгейде 50%-ға, аймақтарда - 35%-ға көтерілді. Жалпы 36,4 мың адам қамтылды, оның ішінде республикалық деңгейде – 3 мың адам, аймақтық деңгейде – 31 мыңнан астам адам", - дейді министр.

Айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап денешынықтыру және спорт саласындағы қызметкерлердің еңбекақысы 2023 жылға дейін жыл сайын 25%-ға көтеріліп отырады екен.