Мадридтегі жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

0
2 256

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс салдарынан 4 алдам қаза тапқан.


Мадридтегі жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

ERNUR.KZ. 20 қаңтарда (жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00 шамасында) Испанияның Мадрид қаласының Толедо көшесіндегі ғимараттарының бірінде жарылыс болды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс салдарынан 4 алдам қаза тауып, 11 адам жарақат алған. ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Мадридте болған жарылыстан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді.

«Испания билігінің біздің дипломаттарға берген ақпаратына сәйкес, кеше Мадридте болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ», - деп хабарлады.

Жарылыс салдарынан Толедо көшесіндегі ғимараттың төрт қабаты қирады. Ғимарат қарттар үйінің жанында орналасқан. Төтенше жағдай қызметі жарылыстың нақты себебі туралы әлі ақпарат жариялаған жоқ.