Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттарды қабылдау басталды

0
347

Грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін жарияланады.


Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттарды қабылдау басталды

ERNUR.KZ. Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттарды қабылдауды Жоғары және Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (ЖЖОКБҰ) 12-19 желтоқсан аралығында жүзеге асыратын болады, деп жазады inbusiness.kz.

"Грант конкурсына қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды тапсыру қажет: жеке куәліктің көшірмесі, жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы), КТ сертификаты; халықаралық сертификаттар (бар болған кезде)", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады. Оның ішінде, "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" даярлау бағытына 1758 грант, Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға" 569 грант, "Педагогикалық ғылымдарға" 469 грант және "Ауыл шаруашылығы және биоресурстарға" 461 грант бөлінген.

Жалпы, болашақ магистранттарды ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.