Майқайыңдағы апат: құтқарушылар ойық түбіндегі үлкен тастарды қолмен аршып жатыр

0
563

Майқайың алтын кеніші маңында ішінде құтқарушылар бар автобусты іздестіру жұмыстары жалғасуда.


Майқайыңдағы апат: құтқарушылар ойық түбіндегі үлкен тастарды қолмен аршып жатыр

ERNUR.KZ. Құтқарушылар экскаватордың күші жетпейтін үлкен тастарды қолмен алып тастауда, деп жазады inform.kz.

Өңірлік төтенше жағдай департаментінен хабарлағандай, Майқайың алтын кеніші маңында ішінде құтқарушылар бар автобусты іздестіру жұмыстары жалғасуда.

- Қазіргі уақытта құтқарушылар экскватордың жолына бөгеу болып тұрған салмағы 5 тоннадан асатын, аса ірі емес тастарды пневмо-электр құралдарының көмегімен алып тастап жатыр. Құтқарушылар ауыр жағдайда жұмыс істеуде. Ойық шетіндегі топырақтың төмен сырғуы әлі де жалғасуда. Барлық жұмысқа 147 адам, 45 техника жұмылдырылған, - дейді Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Олег Трещев.

Еске сала кетейік, жер астына түсіп кеткен құтқарушыларды іздеуге Айгүл есімді көріпкел Майқайыңға келді. Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы балгердің келуіне біздің еш қатысымыз жоқ деп мәлімдеді.

Полиция мен прокуратура Майқайыңдағы апат бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеп жатыр.