Мал сойғанын хабарламағандарға айыппұл салынуы мүмкін

0
953

Заңға сәйкес, ветеринарлар жаңадан сатып алынған малды, олардың төлін тіркеп отыруы тиіс


Мал сойғанын хабарламағандарға айыппұл салынуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 25-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жеке қожалығындағы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге, жаңадан сатып алынған жануарларды, алынған төлдерді ветеринариялық мамандарға хабарлауға міндетті. Бұл туралы Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы хабарлайды, деп жазады otyrar.kz.

Ал бірдейлендіру үшін сол аумақта орналасқан ветеринариялық бекеттердегі мамандарға өтініш беру қажет.

Ветеринариялық дәрігерлер ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ветеринариялық паспорт беру жұмыстарын тегін жүргізеді.

"Қораңыздағы төрт түлік малыңызды бірдейлендірмеген жағдайда және жаңадан сатып алынған жануарлар, алынған төл, олардың сойылғаны туралы хабарламағаны үшін мал иесін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Заңының 406-бабына сәйкес жауапкершілікке тарту көзделгенін назарларыңызға жеткіземіз", — деп хабарлады мамандар.