Мамандар балалар үйінің тәрбиеленушілер санын азайту жолын ұсынды

0
711

Бүгінде елімізде 100-ден астам арнайы мекеме бар, онда 5 мың бала қамқорлыққа алынған.


Мамандар балалар үйінің тәрбиеленушілер санын азайту жолын ұсынды

ERNUR.KZ. Бала асырап алуға қатысты құзыреттілік пен міндеттерді Ұлттық бала асырап алу агенттігіне берген жөн. Осылайша балалар үйінің тәрбиеленушілер саны азаяды, деп жазады 24.kz.

«Ана үйі» қоғамдық қорының бірлескен авторы Анар Рахымбаева осылай дейді. Айтуынша, бүгінде елімізде 100-ден астам арнайы мекеме бар, онда 5 мың бала қамқорлыққа алынған.

Ұлттық бала асырап алу агенттігі жетім балалардың сондай мекемелерде емес, отбасында өсуіне қол ұшын бергісі келеді. Бұл құрылым «Неке және отбасы туралы» кодекске өзгеріс енгізу қажеттігін айтып, ұсыныс жасады. Агенттік өкілдері балаларды шетелдік емес, қазақстандық азаматтардың асырап алуына жағдай жасасақ дейді.

"Біз кодекске балаларды қазақстандық азаматтардың отбасына орналастыруда қолдау көрсететін коммерциялық емес ұйымдар деген түсінікті енгізуді ұсындық. Бұл өзіміздің балалардың құқын қорғауға және шетелдік асырап алғаннан гөрі ұлттық асырап алуға мүмкіндік береді. Себебі кодексте шетел азаматтарына бала асырап алуда көмектесетін аккредиттелген шетелдік агенттіктер деген түсінік бар" - дейді «Ана үйі» ҚҚ атқарушы комитетінің төрағасы Анар Рахымбаева.