Маңғыстау облысына жасанды жаңбыр жаудыратын құрылғылар орнатылды

0
609

Мұндай жоба елімізде алғаш рет қолға алынды.


Маңғыстау облысына жасанды жаңбыр жаудыратын құрылғылар орнатылды

ERNUR.KZ. Теңіздің жағасында отырған Маңғыстауда ылғал жоқ. Енді осы мәселе шешілуге тиіс. Облыстың 4 ауданы: Құрық, Шетпе, Жетібай және Саинда жаңбыр жаудыратын құрылғылар сынақ режимінде іске қосылды, деп жазады 24.kz.

Мұндай жоба елімізде алғаш рет қолға алынды. Жаңа технология атмосфералық ылғал көлемін 30 процентке дейін көтере алады.

Мамандардың айтуынша, қоршаған ортаға зияны жоқ құрал шөлейтті аймақты көгалдандыруға сеп болады. Қондырғы қашықтан басқарылады. Таяу күндері Бейнеу ауданына да орнатылады.

Айта кетейік, дәл осындай құрылғылар Ресей, Оңтүстік Корея мен біріккен Араб әмірліктерінде оң нәтиже көрсеткен. Жобаның құны 5 миллион евро. Қаржы салушы - жеке инвесторлар.

"Іске қосылған сәттен бастап бұл қондырғылардың ауаға әсерін бақылаймыз. Сосын нәтижесін соңғы 10 жылда облысқа жауған жаңбыр мөлшерімен салыстыруымыз керек. Адамға және табиғатқа кері әсері жоқ. Электр қуатын да аз тұтынады. Құрылғы қызметі жыл мезгілдеріне бейімделген. Қыста сіркіреп ылғал түссе, жаз айлары жауын-шашын мол түсуі мүмкін", - дейді климатолог Сергей Бологуров.