Маңғыстау облысында білім бөлімі бір кітапты 42 мың теңгеге сатып алмақ болған

0
490

Антикор еріктілері бір көзден сатып алу заңдылықтарының бұзылуы бойынша бірнеше фактіні анықтады.


Маңғыстау облысында білім бөлімі бір кітапты 42 мың теңгеге сатып алмақ болған

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында Мұнайлы білім бөлімі бір дана кітапты 42 501 теңгеге сатып алмақ болған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Аталған мекеме 2024 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарларында бір көзден сатып алу тәсілімен 5000 дана кітапты 212,5 млн теңгеге сатып алуды жоспарлаған», - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті.

Департамент тарапынан ұсыным жолданып, бір кітаптың бағасы 42 501 теңгеден 5 000 теңгеге дейін, яғни 8 есе төмендетілді, осылайша бюджет қаражаты 187,5 млн теңгеге үнемделген.

Бұған дейін Антикор Бірыңғай сатып алу терезесі арқылы тиімсіз сатып алулардың алдын алып, нәтижесінде 828 млн теңге көлемінде бюджет қаражаты үнемделген.

Сондай-ақ, Антикор еріктілері бір көзден сатып алу заңдылықтарының бұзылуы бойынша бірнеше фактіні анықтады.

Атап айтқанда ,лауазымды тұлғалар төтенше жағдай салдарынан болған залалды орнына келтіру барысында тікелей келісім шарт жасаған. Нәтижесінде мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылған.

Лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабының 11-тармағымен 7 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, соттың шешімімен аталған тұлғалар 1 600 000 теңге айыппұл төледі.