Маңғыстау облысында түнгі клубта төбелескен екі полицей қызметтен қуылды

0
439

Тәртіптік комиссияның шешімімен екі қызметкер ішкі істер органдарынан босатылды.


Маңғыстау облысында түнгі клубта төбелескен екі полицей қызметтен қуылды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Ақтаудағы түнгі клубтардың бірінде екі полиция қызметкері төбелескені, жанжал барысында асхана пышағы қолданылғаны жөнінде ақпарат тарады, деп жазады zakon.kz.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тіркелді.

Басылымның жазуынша, тәртіптік комиссияның шешімімен екі қызметкер ішкі істер органдарынан босатылды.

Облыстық полиция департаменті "төбелеске асхана пышағы қолданылды" деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын түсіндіреміз", –деп атап өтті облыстық полиция департаменті.

Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкері Рустам Күлкеевке іздеу жариялады. Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасының бұрынғы бастығы ұрлық жасады және қызметін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.