Маңғыстау облысындағы кен орнында жұмысшы қаза тапты

0
946

Қайғылы оқиға ұңғымалардың бірінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде болған.


Маңғыстау облысындағы кен орнында жұмысшы қаза тапты

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысындағы "Өзен" кен орнында жұмысшы қаза тапты, деп жазады sputnik.kz.

Жазатайым оқиға 2024 жылдың 27 қаңтарында түнгі ауысымда болған.
"Өзен" кен орнындағы ұңғымалардың бірінде күрделі жөндеу кезінде жазатайым оқиға болып, мердігер компания – "МұнайСпецСнабКомпани" ЖШС жұмысшысы қаза тапты", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі кезде комиссия оқиғаның мән-жайын және себептерін анықтап жатыр.
Бұл жағдай жұмыс беруші компания "МұнайСпецСнабКомпани" ЖШС мен "Өзенмұнайсервис" ЖШС басшылығының ерекше бақылауында болады.
"МұнайСпецСнабКомпани" ЖШС қаза болған жұмысшының отбасына қажетті материалдық көмек көрсетуге дайын екенін хабарлаған.