Маңғыстауда қызылшаға қарсы жаппай иммундау науқаны жүріп жатыр

0
474

Маңғыстауда қызылшаға қарсы жаппай иммундау шарасына Үкімет резервінен 208 млн теңге бөлінді.


Маңғыстауда қызылшаға қарсы жаппай иммундау науқаны жүріп жатыр

ERNUR.KZ. Қазір аймақта қосымша жаппай иммундау науқаны жүріп жатыр. Бүгінге дейін 38 мыңнан астам адам егілген, деп жазады zakon.kz.

Вакцина алғандардың қатарында 6 айдан 10 айға дейінгі, 2 мен 4 жас аралығы және 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалар бар.

Сондай-ақ, облыстағы медицина қызметкерлері толықтай егілген.

Енді қосымша иммундау науқанында 72 мыңнан астам тұрғынды қамту жоспарларланған.

Ал, ел бойынша бүгінде 930 мыңға жуық адам вакцина алып үлгерді.