Маңғыстауда тас жолға әскери жойғыш ұшақтың неге қонғаны белгілі болды

0
1 276

Еліміздің батыс өңірінде "Алтын Жебе" арнайы операциялық күштерінің құрамдас бөліктерін кешенді тексеру жұмыстары жүргізілді.


Маңғыстауда тас жолға әскери жойғыш ұшақтың неге қонғаны белгілі болды

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысында тас жолға әскери ұшақтың қонуына байланысты жайттың мәнісін ашып айтты, деп жазады zakon.kz.

Еліміздің батыс өңірінде "Алтын Жебе" арнайы операциялық күштерінің құрамдас бөліктерін кешенді тексеру жұмыстары жүргізілді.

Бұл тексеруге Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің және Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелері қатысты.

Тексерудің аяқтау кезеңінде Қарулы Күштердің тарихында алғаш рет С-295 әскери-транспорттық және Су-27 жойғыш ұшақтары Маңғыстау облысында орналасқан автокөлік жолдарының аэродром учаскесіне қондырылды.

Аталған шара құрлық және әскери-теңіз топтары әскерлерінің қызметін қамтамасыз ететін Әскери-әуе күштері бөлімшелерінің ұтқырлығын арттыру аясында жүзеге асырылды.