Маңғыстауда жұмыртқа қымбаттады

0
648

Маңғыстауда тауық жұмыртқасы күрт қымбаттады. Бұған дейін 1 жұмыртқа 45 теңге болса, қазір 55-60 теңге тұрады.


Маңғыстауда жұмыртқа қымбаттады

ERNUR.KZ. Мамандардың айтуынша, Ресейден келетін импорт төмендеген. Соған байланысты өндірушілер тауардың өзіндік құнын көтерді, деп жазады zakon.kz.

Жаз мезгілінде жұмыртқаға сұраныс төмендеп, өндірушілер шығынды азайту үшін, тауықты етке жібереді.

Ал күн суыта сұраныс қайта артып, фабрикалар шығындарын өтеу үшін, өнімнің өзіндік құнын өсіреді.

Аймақта тауық жұмыртқасының бағасын ұстап тұру мақсатында, "айналым механизмі" іске қосылмақ.

Ол үшін құс фабрикаларымен өнімді белгіленген бағамен сату туралы келіссөздер жүргізілуде.