Маңғыстаудағы магистральдық газ құбырында жарылыс болды

0
493

Бейнеу ауылындағы “ИнтергазОрталықАзия” АҚ-ның САЦ-4 магистральді газ құбырының поршеньді жіберу торабында өрт болған.


Маңғыстаудағы магистральдық газ құбырында жарылыс болды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысындағы Бейнеу кентінде магистральдық газ құбырында жарылыс болды, деп жазады baq.kz.

18.03.2024 жылы шамамен сағат 23:00 минут шамасында Бейнеу ауылындағы “ИнтергазОрталықАзия” АҚ-ның САЦ-4 магистральді газ құбырының поршеньді жіберу торабында өрт болған.

Зардап шеккендер жоқ. Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда жарылыстың себебі анықталып жатыр, - делінген хабарламада.