Маңғыстаулық экс-шенеунік "махаббатизм" үшін кешірім сұрады (видео)

0
397

​Ер адам бұрынғы басшыларымен сыйлыққа қатысты ешқандай келісім жасамағанын мәлімдеді.


Маңғыстаулық экс-шенеунік

ERNUR.KZ. Әйел бастықтарға сыйлық жасауды ұсынғаннан кейін қызметінен босатылған маңғыстаулық экс-шенеунік кешірім сұрады, деп жазады sputniknews.kz.

Бақтияр Қуанышбеков Маңғыстау облысында Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін атқарған.



Әлеуметтік желіде оның қарамағындағы қызметкерлерімен сөйлескен видеосы жарияланды. Ер адам "жақсы қарым-қатынас" орнату үшін облыстық басқарма басшыларына иіссу беруге болатынын айтқан. Залдағылар сыйлық ретінде торт апарып беруді ұсынады, бірақ Қуанышбеков ондай жеңіл-желпі сыйлық жасауға келіспейді.

"Желіде тараған видео үшін кешірім сұраймын. Басқарма басшыларынан кешірім сұраймын, өйткені біздің арамызда сыйлық туралы ешқандай келісім болған жоқ. Сондай-ақ облыс әкімінен кешірім сұраймын", - деді экс-шенеунік.

Бұған дейін кәсіпкерлік және сауда басқармасының бастығы, сондай-ақ инвестициялар және даму басқармасының бастығы ер адамның үстінен ресми шағым түсірді. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін ол қызметінен босатылды.




Әлеуметтік желіде қолданушылардың пікірі қақ жарылды. Кейбіреулер бұрынғы шенеунікті қызметінен кетіру үшін оны әдейі видеоға түсірген деп болжаса, ал басқалары кез келген сыбайлас жемқорлық әрекетін тоқтату керек деп санайды.