Маңғыстаулықтар үшін экология да, энергетика да маңызды

0
51

Өңірде көптеген жұмыс атқарылып жатыр.


Маңғыстаулықтар үшін экология да, энергетика да маңызды

Маңғыстау облысындағы ең негізгі нысандардың қатарына бірінші және екінші жылуэнергоорталық жатады. Алайда, соңғы уақытта Каспий теңізі суының тартылғаны байқалып, бұл жағдай ЖЭО-ларға да қауіп төндіріп тұр. Сондықтан жергілікті билік екі нысанды жаңғыртып, одан әрі дамытуды көздейді. Тиісінше, бұл жоспар орындалған кезде облыс халқын сапалы энергиямен қамту саласы нығая түспек.


Енді ұсынылып отырған жоюалар жайлы аз-кем әңгімелесек. Бірінші жылуорталықтың тұрақты жұмысын сақтап тұруға арналған ұсыныс екі кезеңнен түрады. Оның алғашқысына сәйкес, нысан аумағында Каспий теңізінен су сору бекетіне дейін ұзындығы 1,5 шақырымды құрайтын құбыр салу қажет. Ал, екінші сатысында «Ақтау» теңіз айлағының аумағынан су сору арнасын салу жоспарланған. Одан бөлек, қазіргі таңда су сору арнасындағы шөгінділерді тазарту жұмыстары атқарылып жатыр.


Сонымен қатар, теңіз суы төмендеген жағдайда судың жеткілікті деңгейде келіп тұруы үшін екінші жылуэнергоорталықтың су өткізу мүмкіндігі кеңейтілмек. Өз кезегінде аталған ұсыныс, жобалармен танысқан өңір басшылары тұрғындарды жылу, су және энергиямен қамтамасыз ету ең маңызды мәселе екендігін жеткізді. Сондай-ақ, кешенді жұмысқа тәжірибелі мамандарды тарту қажеттігін айтып, бұл жобаның аясында керек болса мердігерлерге жауапкешілік қарастыруға дейін баратынын білдірді.


Биылғы жылдың басында Маңғыстау облысында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі де мықтап назарға алынды. Себебі кез келген өңір үшін су барлық жағынан құндылығы басым табиғи ресурс. Дегенмен, өңір басшысының сөзіне сүйенсек, облыстағы кейір кәсіпкерлер бұл жағдайдың маңыздылығын дұрыс түсінбейді екен.


Өңір басшысының айтуынша, облыстағы ауызсуды тұтыну көрсеткіші тәулігіне 156 мың кубты құрайды екен. Ал, суды көп қажет ететін жаз айларында бұл көрсеткіш 230 мың текше метрден асып, кәдімгідей тапшылық сезілетін көрінеді. Ал, бұл мәселені шешу үшін әкімдік пен өзге де тараптар, әсіресе кәсіпкерлер бірлесе жұмыс істеуі тиіс. Сонда ғана су тапшылығы азайып, барлық тарап үшін жеткілікті болады.


Тағы бір айта кетерлігі – Маңғыстау облысында су жеткіліксіздігін жою мақсатында 2025 жылға дейін он тұщытатын зауыт салып, қажетті қондырғыларды орнату жоспарланған болатын.


Осы орайда өңірде кәріз суын тазарту қондырғысын жаңартып, заманауи технологиямен тазартылған ресурсты жасыл белдеуді суаруға пайдалану жобасы жүзеге асырылып келеді. Одан бөлек, Шапағатов елді мекенінде, Ақтау шаһарында, ЖЭО аумағында, Баянды елді мекенінде, Форт-Швченко аумағында және Тоқымақ алқабында тұрғындарды сапалы сумен тұрақты түрде қамтамасыз етуге арналған жобалар жүзеге асырылып жатыр.


Сондай-ақ, маңғыстаулықтар ел президентінің итбалықтар үшін табиғи резерват құру туралы тапсырмасы аясында, Каспий теңізінің 12 мильдік акваториясын бекітті. Каспий айдынындағы бұл аймақтың көлемі – 1 миллион 487,4 мың гектарға тең. Әкімдік ақпаратына сүйенсек, бұл шешім итбалықтарды сақтаудың ғана емес, туризмді дамытудың да бір жолы болып отыр. Яғни, облыс экономикасына да оң әсерін тигізеді деген сөз.


Тағы бір ерекше жаңалық – бір айдан бері Ақтау шаһарынан өзге аудандарға метанмен жүретін қоғамдық көліктер қатынап жатыр. Бұлар экологиялық тұрғыдан таза әрі жайлы автобустар. Яғни, қоғамдық көлік саласын дамытып қана қоймай, экологиялық жағдайды тұқарқтандыруға үлес қоспақ. Жаңа көліктер барлық қажеттіліктермен жабдықталған. Тіпті метан газын құятын бекет те жаңадан салынған. Ал, биыл жаңадан жүз автобус сатып алынып, бұл сала одан сайын дами түспек.


Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ