Мас күйінде көлік айдаған жүргізушілерге қатысты заң күшейтіледі

0
1 322

Ішкі істер министрлігінде арнайы жұмыс тобы құрылмақ.


Мас күйінде көлік айдаған жүргізушілерге қатысты заң күшейтіледі

ERNUR.KZ. Мас күйінде көлік айдағаны үшін жүргізушінің енді көлігі тәркіленуі мүмкін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Ішкі істер министрлігі заң талаптарын күшейтуге кірісті. Оның ішінде Беларусь заңнамасын үлгіге алып отыр, деп хабарлайды ktk.kz.

- Беларусь заңнамасы бойынша бірнеше жол апатынан кейін автокөлікті тартып алады. Біз де сондай қатаң шараларға барамыз. Жүргізуші куәлігінен айрылып немесе мас күйінде көлік айдаған жүргізушілерге қатысты заң күшейтіледі, - дейді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Ішкі істер министрлігінде арнайы жұмыс тобы құрылмақ. Оған министрлік өкілдерімен бірге парламент депутаттары да кіреді. Заң тармақтарын күшейту жағын талқылап, жасалған ереже бұзушылықтардың жазаға сай болуын жіті қарастырмақ.

Президент Тоқаев әлеуметтік желі арқылы алкогольді ішімдіктердің кезкелген түрін ішіп көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығына берілетін жазаны қатаңдату қажеттігін тапсырған.