Маска тақпаған Өскемен әкімі неге айыппұлдың жартысын төлегені белгілі болды

0
2 444

Департамент өкілдері себебін түсіндірді.


Маска тақпаған Өскемен әкімі неге айыппұлдың жартысын төлегені белгілі болды

ERNUR.KZ. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері Өскемен әкімінің айыппұлды қалай төлегенін айтты, деп жазады Алтайньюс.

Бұған дейін Жақсылық Омар қоғамдық орында маска тақпағаны үшін айыпталған еді.

Департаменттің мәлімдеуінше, оған жеке тұлға ретінде 30 АЕК (87 510 теңге) көлемінде айыппұл салынған. Ал қала әкімі 43 755 теңге (15 АЕК) төледі.


– Айыппұл бір апта ішінде төленген жағдайда 50% жеңілдік жасалады, – деп мәлімдеді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.