Мәжіліс Каспий теңізіндегі шекараға қатысты заңды қабылдады

0
1 808

Бұған дейін неміс және голланд зерттеушілерінің бағалауы бойынша Каспийдегі су деңгейі 2100 жылға қарай қазіргіден 9-18 метрге төмен болады деп хабарланған болатын.


Мәжіліс Каспий теңізіндегі шекараға қатысты заңды қабылдады

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттары Каспий теңізіндегі қызметті жүзеге асыруға қатысты мәселелер бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы Каспий теңізіндегі мемлекеттердің шекараларын анықтайды, деп жазады baq.kz.

Депутат Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, заң жобасының мақсаты - Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның ережелерін ұлттық заңнамаға имплементациялау. Ол былтырғы жылы Қазақстан аталған конвенцияны ратификациялағанын, осы мәселе бойынша жұмыс 20 жылдан аса жүргізілгенін айта кетті. Каспий маңындағы барлық елдердің мемлекеттік органдарының, сарапшылары мен іскерлік топтарының қатысумен ауқымды келіссөздер жүргізілген.

Заң жобасында ені 15 теңіз милі болатын аумақтық сулар белгіленеді. Олардың сыртқы шекаралары мемлекеттік мәртебеге ие болады. Аумақтық суларға 10 мильдік балық аулау аймақтары қосылады, онда әрбір мемлекет кәсіпшілікке арналған айрықша құқықтарға ие. Балық аулау келісілген ұлттық квоталар негізінде жүзеге асырылатын болады. «Балық аулау аймақтары шегінен тыс ортақ су кеңістігі сақталады,- дейді депутат.

Оның айтуынша, мемлекеттік теңіз шекараларынан тыс жағалаудағы елдердің туларын көтеріп жүзетін кемелер үшін теңізде жүзу еркіндігі қолданылатын болады. Каспий маңы мемлекеттері балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде су биологиялық ресурстарын қорғауды бірлесіп жүзеге асырады.

Заң жобасымен жұмыс істеу барысында жұмыс тобы мынадай түзетулер енгізген:

1) «континентальдіктік қайраң» ұғымын пысықтауға бағытталған түзетулер және де енді бұл ұғым Каспий теңізінің қазақстандық секторын қамтиды. Бұл екі ұғымда қайшылықтар болмауы үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында жасалды, өйткені іс жүзінде олар бір нәрсені білдіреді; 2) Қазақстан Республикасының аумақтық суларының мөлшерін нақтылауға; 3) «су биологиялық ресурстарының заңсыз, хабарландырылмаған және реттелмеген кәсіпшілігі» ұғымын пысықтауға; 4) Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құқықтары мен міндеттерін қайта қарауға бағытталған түзетулер.

Айта кетейік, бұған дейін неміс және голланд зерттеушілерінің бағалауы бойынша Каспийдегі су деңгейі 2100 жылға қарай қазіргіден 9-18 метрге төмен болады деп хабарланған болатын. Бұл аймақтың экологиясында, экономикасында және саяси тұрақтылығында бірқатар мәселелер тудырады. Зерттеу нәтижелері Nature Communications Earth & Environment журналында жарияланған.