Мәжіліс Қазақстан мен БАӘ арасында жер учаскесін алмасу туралы келісімді мақұлдады

0
778

Жер учаскелерін өтеусіз пайдалануға беру туралы келісім 2017 жылы Абу-Дабиде жасалған


Мәжіліс Қазақстан мен БАӘ арасында жер учаскесін алмасу туралы келісімді мақұлдады

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері бір-біріне елшіліктер үшін жер телімдерін 49 жылға береді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан мен БАӘ үкіметі арасында елшіліктердің қажеттілігі үшін Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) және Абу-Даби қаласында жер учаскелерін өтеусіз пайдалануға беру туралы келісім 2017 жылдың 15 қаңтарында Абу-Дабиде жасалғанын айтты.

«Келісімнің мақсаты – екі мемлекеттің аумағында Қазақстан Республикасының елшіліктері мен Біріккен Араб Әмірліктерінің объектілерін салу мұқтаждығы үшін жер учаскелерін өзара алмасуды құқықтық қамтамасыз ету. Осыған байланысты 49 жылға өтеусіз жер пайдалану шартымен біздің елімізге Абу-Даби қаласында ауданы 1,2 гектар жер учаскесі беріледі. Тиісінше, Біріккен Араб Әмірліктеріне Нұр-Сұлтан қаласында көлемі 2,6 гектар учаске беріледі», - деді министр.

Мәжіліс комитеттері келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.