​ Медина Күзембаева Халықаралық ән байқауының жеңімпазы атанды

0
931

350-ге жуық өнерпаз қатысқан.


​ Медина Күзембаева Халықаралық ән байқауының жеңімпазы атанды

ERNUR.KZ. Ақтөбелік Медина Күзембаева Македония елінің Струга қаласында өткен Халықаралық байқауда жеңімпаз атанды, деп жазады baq.kz.

Македонияның Струга қаласында өткен ән байқауына Мальта, Эстония, Румыния, Кипр, Македония, Босния және Герцеговина, Израиль, Ресей, Молдова, Польша, Словения, Латвия, Испания, Албания және Қазақстан секілді елдерден 350-ге жуық өнерпаз қатысты. Қатысушыларды 10 елдің кәсіби өнер майталмандары бағалады.

Қазақстанның атынан өнер көрсеткен Медина алғашқы кезеңде Арета Франклиннің «Ойлан» әнін хормен орындап, жоғары ұпайға қол жеткізді. Екінші кезеңде Абай Құнанбаевтың «Сегіз Аяқ» әнін шырқады. Өте әдемі қойылым мен ерекше костюм қазылар алқасына ғана емес, қатысушылардың да көңілінен шықты. Осылайша ел намысын қорғаған Медина Күзембаева 1-орын иегері атанды. Бұл Мединаның алғашқы Халықаралық жарысы болатын. Бұған дейін «Қазақстан» ұлттық арнасында өткен «Қазақстан балалар дауысы» тележобасының финалисті атанған еді.

Айта кетейік, өткен жылы дәл осы байқауда Ержан Максим бірінші орынды жеңіп алған болатын.