​Медициналық қызметкерлердің жалақысы өседі

0
3 184

Медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында саладағы учаскелік қызметкерлердің жалақысын 20 процентке көтеру жоспарланып отыр


​Медициналық қызметкерлердің жалақысы өседі

ERNUR.KZ. Медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында саладағы учаскелік қызметкерлердің жалақысын 20 процентке көтеру жоспарланып отыр, деп жазады 24.kz.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауындағы бұл бағдарлама 2019-2020 жылдарда жүзеге асатыны айтылды. Яғни келесі жылдан бастап дәрігерлердің орташа жалақысы 144 мың теңгеден 164 мың теңгеге өседі. Ал мейірбикелердің орташа айлығы 101 мың теңгеден 116 мың теңгеге көтеріледі.

2019-2020 жылдарға арналған жоспар:

  • Дәрігерлердің орташа жалақысын 144 мың тг-164 мың теңгеге өсіру
  • Мейірбикелердің орташа жалақысын 101 мың тг-116 мың теңгеге өсіру.