Мейірім Нұрсұлтанов жеңіліп көрмеген жапон боксшысын нокаутқа түсірді

0
777

12 раундқа жоспарланған жекпе-жек 8-раундта аяқталды.


Мейірім Нұрсұлтанов жеңіліп көрмеген жапон боксшысын нокаутқа түсірді

ERNUR.KZ. Орта салмақта бақ сынайтын кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Инчхонда өткен бокс кешінде жеңіліп көрмеген жапон боксшысы Кадзуто Такесаконы нокаутпен ұтып, WBO International чемпиондық белбеуін сәтті қорғады, деп жазады Tengrinews.kz.

12 раундқа жоспарланған жекпе-жек 8-раундта аяқталды. Мейірімнің ширақ шабуыл, жойқын сериялы соққыларынан кейін жапон боксшысы ес жия алған жоқ. Төреші шаршы алаңдағы шайқасты тоқтатты.

Қазақстандық боксшы қарсыласын үшінші раундта-ақ ұтып шығатын сәт болған. Алайда Кадзуто Такесако жылдам ес жиып, соққыларға шыдас бере білді.

Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы 19-шы жеңісіне қол жеткізді. Бірде-бір рет ұтылмаған. Ал жапон боксшысы алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татты.

Инчхондағы бокс кешінде тағы бір отандасымыз Нұрсұлтан Аманжолов та жекпе-жек өткізді. Ол жергілікті боксшы Ан Сук Хиді нокаутпен жеңді.