Мейрамханалардың есігін арнайы жасақ күзетеді

0
611

Тұрғындарға той-томалақты тыйғыза алмаған Атырау билігі тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінуге мәжбүр.


Мейрамханалардың есігін арнайы жасақ күзетеді

фото: кадрдан алынды

Енді қаладағы мейрамхалардың есігін арнайы жасақ тәулік бойы күзетеді. Өйтпеске амал да қалмаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары ең ірі мейрамханалардың алдын осылай торуылдап, өңірдегі күрделі эпидемиолиялық ахуалды реттемекші.

Өйткені, той-томалаққа тыйым салынғанымен, тығылып істейтіндер көп. Соңғы бір аптаның өзінде 40-қа жуық тәртіп бұзушылық анықталған. Мейрамхананың күзеті нәтиже берсе, билік ауыл-аймақтардағы кафелердің алдына да күзет қоймақшы.

"Атырау облысы аумағында коронавирус індетін жұқтырған адамдардың саны әлі де тіркеліп отыр. Оған қоса карантиндік шектеулерді сақтамай, оларды бұзу фактілері де орын алып отыр. Осыған байланысты полиция департаментімен Атырау қаласы аумағында орналасқан мейрахан маңына тәулік бойына 14 жаяу патрульдік полиция бекеттерін қойдық", - дейді Атырау облысы ПД бөлім бастығының міндетін атқарушы, Абзал Әліпқалиев.