Мектепке құжат тапсырып үлгермеген жағдайда не істеу керек

0
551

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 тамызда аяқталды.


Мектепке құжат тапсырып үлгермеген жағдайда не істеу керек

ERNUR.KZ. Белгіленген уақытта мектеп құжаттарын тапсырып үлгермеген жағдайда ата-ана не істеу керек? Бұл сауалға Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев жауап берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Құжаттарды қабылдау 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында жүрді. Дегенмен біз түсінеміз, әртүрлі себеппен үлгермей қалған ата-аналар бар. Құжаттар тапсыруда кешіккен ата-аналармен мектептер жанынан комиссия жұмыс істеп жатыр. Құжаттарды қағаз түрінде мектепке барып тапсыруға болады», - деді Қасымхан Сенғазиев Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қабылданды.

Еске сала кетейік, бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 тамызда аяқталды.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл бірінші сыныпқа қабылдау бойынша 400 мыңнан астам өтініш түсті.

Биыл мектепке баратын балалардың 70 пайызы қазақ тілінде білім алуды таңдаған. Қалғандары орыс, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқиды.