Мемлекет басшысының Жарлығымен екі азамат «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын иеленді

0
1 807

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Мемлекет басшысының Жарлығымен екі азамат «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын иеленді

Президент Жарлығымен Вадим Басин мен Мұрат Қайыргелдинге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасын экономикалық дамытудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Басин Вадим Борисович – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры, Қарағанды облысының Теміртау қаласы

Қайыргелдин Мұрат Амангелдіұлы – «Еуроазия энергетикалық корпорациясы» АҚ «Восточный» кенішінің машинисі, Павлодар облысының Екібастұз қаласы.


2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.