Мемлекетке 259 млн теңгенің гранты қайтарылды – прокуратура

0
434

Сондай-ақ құны 145 млн теңгеден асатын кәсіпорын қайтарылды.


Мемлекетке 259 млн теңгенің гранты қайтарылды – прокуратура

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының прокурорлары бағалау құны 145 млн теңгеден асатын «Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері» коммуналдық кәсіпорнын мемлекетке қайтарды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Бұған дейін кәсіпорын Үкіметтің Денсаулық сақтау объектілерін мемлекет иелігінен шығаруға салынған тиымына қарамастан, кейіннен сатып алу құқығымен 5 жыл мерзімге «Қарақия оңалту орталығы» ЖШС-ға сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Бүгінгі таңда сенімгерлік басқаруға беру шарты бұзылып, мүлік қайтадан мемлекеттің басқаруына қайтарылды», - делінген ведомство хабарламасында.

Бұдан басқа, елордалық прокуратура мемлекет гранттар түрінде бөлген ақшаны қайтару жөнінде шаралар қабылдады.

«Мәселен, Ғылым қоры 2017-2019 жылдар аралығында «Flow System» ЖШС-ға ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға 259 млн теңге сомасында грант берген. Алайда грант алушы Ғылым қоры алдындағы міндеттемелерін орындамай, жобаны іске асырмаған. Осыған байланысты прокуратура сотқа талап арыз енгізді. Нәтижесінде сот жауапкерден мемлекет пайдасына 259 млн теңге өндірді», - делінген хабарламада.