Мемлекеттік аппарат әрбір бизнесменге заң бұзушы ретінде қарамауы керек – Тоқаев

0
877

Президент мемлекет кәсіпкерлерге көмектесуге міндетті екенін атап өтті.


Мемлекеттік аппарат әрбір бизнесменге заң бұзушы ретінде қарамауы керек – Тоқаев

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлер мемлекеттік аппараттың теңқұқылы серіктесіне айналуы керек екенін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Мемлекеттік аппарат әрбір бизнесменге заң бұзушы ретінде қарамауы керек. Мұндай ұстаным, түптеп келгенде, басқарудың репрессивті сипатына алып келеді. Мемлекет кәсіпкерлерге көмектесуге міндетті. Тағы да ерекше атап өткім келеді. Көмектесуі керек", - деді президент Ақордада отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде.
Оның айтуынша, кәсіпкерлер "шағымданушы" немесе "қолдауға мұқтаж" рөлінде көрінбей, мемлекеттік аппараттың теңқұқылы серіктесіне айналуға тиіс.
"Жеке капиталды қорғау деңгейінің осалдығы, мемлекеттің экономикаға шамадан тыс араласуы, бағаның нарыққа қайшы жолмен белгіленуі және шамадан тыс реттеу тетіктері – бизнесті толғандыратын мәселелер мұнымен бітпейді", - дейді мемлекет басшысы.
Тоқаев кәсіпкерлердің соттарға, құқық қорғау және салық органдарына, жергілікті билікке қатысты шағымдары азаймай тұрғанын атап өтті.

"Бұл ретте бизнес тарапынан да салықтан жалтару, капиталды жылыстату, мемлекеттік қолдауға ие болған кезде алаяқтық жасау фактілері жиі ұшырасады. Еңбек ұжымдарының құқығын таптау жағдайлары да кең таралған. Осының салдарынан екі тарап әрдайым бір-біріне сезіктене қарап, кінә артуға дайын тұрады", - дейді президент.