Мемлекеттік кірістер комитетіне жаңа төраға тағайындалды

0
551

Жандос Дуйсембиев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген.


Мемлекеттік кірістер комитетіне жаңа төраға тағайындалды

ERNUR.KZ. Жандос Дуйсембиев Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Жандос Жумабаевич Дуйсембиев ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды», - делінген хабарламада.

Жандос Дуйсембиев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

2000 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын; 2015 жылы «Алматы» университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетінің өндіріп алу бөлімінің маман-салық инспекторы болып бастаған.

2006 жылы желтоқсан айынан 2009 жылы қазан айына дейін - Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетінің өндіріп алу бөлімінің басшысы.

2009 жылы қазан айынан 2010 жылы сәуір айына дейін - Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің мәжбүрлеп өндіріп алу басқармасының басшысы.

2010 жылы сәуір айынан 2012 жылы желтоқсан айына дейін - Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша салық басқармасы басшысының орынбасары.

2012 жылы желтоқсан айынан 2013 жылы шілде айына - Алматы қаласы бойынша салық департаменті акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы.

2013 жылы шілде айынан 2013 жылы тамыз айына дейін - Алматы қаласы бойынша Салық департаменті салық аудиті басқармасының заңды тұлғалар аудиті бөлімінің басшысы.

2013 жылы тамыз айынан 2014 жылы наурыз айына дейін - Алматы қаласы бойынша Салық департаменті салық аудиті басқармасының №5 аудит бөлімінің басшысы.

2014 жылдан 2015 жылдың ақпан айына дейін - Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің берешекпен жұмыс басқармасының басшысы.

2015 жылы ақпан айынан 2016 жылы желтоқсан айына дейін - Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.

2016 жылы желтоқсан айынан 2017 жылы мамыр айына дейін - Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары.

2017 жылы мамыр айынан 2019 жылы сәуір айына дейін - Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ұйымдастыру-қаржы басқармасының басшысы.

2019 жылы сәуір айынан 2022 жылы қаңтар айына дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудит департаментінің директоры.

2022 жылы қаңтар айынан 2022 жылы маусым айынан дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің электрондық декларациялау департаментінің директоры қызметін атқарды.

2022 жылы маусым айынан «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бас диспетчерлік басқармасы» РММ басшысы лауазымын атқарды.