Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелері 16 шілдеде қолжетімсіз болады

0
495

Ведомство ел тұрғындарынан қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырады.


Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелері 16 шілдеде қолжетімсіз болады

ERNUR.KZ. 16 шілдеде Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелері қолжетімсіз болады, деп жазады tengrinews.kz.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға 2023 жылғы 16 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Комитет электр тасымалдаушы құрылғыларда профилактикалық жұмыс жүргізетінін ескертті.

"Осыған байланысты, көрсетілген уақытта Комитеттің келесі ақпараттық жүйелері қолжетімді болмайды: e-Salyq Business, e-Salyq Azamat, "Веб-портал", "Салық төлеушілер кабинеті" "Е-терезе", "ИСНА" "АСТАНА-1", "ЦУЛС", "ИШ-2" Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарымен интеграция "ШЭП" және "ВШЭП" арқылы болады", - деді Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Ведомство ел тұрғындарынан қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырады.