​Мемлекеттік қызметкер кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін жауапкершілікке тартылды

0
372

50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.


​Мемлекеттік қызметкер кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін  жауапкершілікке тартылды

Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік органдар тарапынан тыйым салу және шектеу шараларын қолдануының заңдылығына қала прокуратурасы талдау жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ведмствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары кәсіпкер тарапынан растайтын құжаттар толық ұсынылғанына қарамастан, оған электронды шот-фактураларды жазып беруді шектегені анықталды.
Бұл мән-жайлар сотпен оның әрекеті заңсыз деп тану туралы әкімшілік істі қарау барысында да расталды.
Прокурордың қаулысымен мемлекеттік қызметкер ӘҚБтК-нің 173-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.