Мемлекеттік қызметкерлерге ойын мекемелеріне баруға тыйым салынды

0
596

Жарлық 2023 жылғы 17 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.


Мемлекеттік қызметкерлерге ойын мекемелеріне баруға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 2 қарашадағы кейбір жарлықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін жарлыққа қол қойды, деп жазады zakon.kz.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыcына толықтыру енгізілді.

Қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, әскери қызметші ойын мекемесіне барудан тартынуға тиіс.

Дәл осындай түзету мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексіне енгізіледі.

Жарлық 2023 жылғы 17 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.