Мемлекеттік сатып алулар: Алматыда 9 шенеунік жауапқа тартылды

0
346

10 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 9 мемлекеттік ұйымның басшыларына 5 млн теңгеге айыппұл салынған.


Мемлекеттік сатып алулар: Алматыда 9 шенеунік жауапқа тартылды

ERNUR.KZ. Алматыда 2023 жылдың басынан бастап прокурорлардың актілері бойынша 17 млрд теңгеден астам сомаға 46 конкурс жойылған, деп жазады ulysmedia.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, 10 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 9 мемлекеттік ұйымның басшыларына 5 млн теңгеге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушілерге жоғары біліктілік талаптарын қойған, конкурстық құжаттаманы толық ұсынуды қамтамасыз етпеген, сатып алу тәсілін дұрыс таңдамаған.

“Осы жылдан бастап, мемлекеттік сатып алуды өткізудің ашықтығы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында сатып алу тәсілдерінің бірі рейтингтік- балдық жүйе (РБЖ) қолданылады. Ол конкурсқа әсер ететін ұсыныстарды, критерийлерді автоматты түрде салыстырады және жеңімпазды комиссияның қатысуынсыз анықтайды, яғни адами факторсыз, өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама қалыптастырады”, – деп түсіндірді ведомстводан.

Сонымен қатар, Алматы қаласы прокуратурасы мониторинг арқылы тапсырыс берушілердің бірі автожолдар салу кезінде электрмен жабдықтау желілері саласында лицензияланатын қызметтің бір түрінің міндетті түрде болуы туралы кәсіпкерлерге негізсіз талаптар қойғаны анықталды. Бұл конкурс қорытындыларына әсер ету ретінде қарастырылады. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша конкурс тоқтатылып, мемлекеттік сатып алуға қатысуға әлеуетті өнім берушілердің тең шарттарын сақтай отырып, қайтадан өткізілген.