Меншік құқығын қорғау рейтингінде Қазақстан 85-орында

0
345

​Құқық және бухгалтерлік есеп саласында көрсетілген қызметтер көлемі бір жылда 19% қысқарған.


Меншік құқығын қорғау рейтингінде Қазақстан 85-орында

ERNUR.KZ. Меншік құқығын қорғау рейтингінде еліміз 129 мемлекеттің арасында 85-орынға ие болды, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстанның индексі – 5,006 (индекс неғұрлым жоғары болса, елдегі құқықты қорғау деңгейі соғұрлым жоғары болады). Өткен жылы еліміз аталған рейтингте 89-орынға тұрақтаған еді.

ТМД елдері арасында меншік құқығы Қазақстанға қарағанда Әзербайжан мен Арменияда жақсы қорғалған, ал Ресей, Украина, Молдовадағы көрсеткіш төмен.

Әлемде азаматтардың меншік құқығы Финляндия, Швейцария және Сингапурда өте жоғары деңгейде қорғалады, ал ең төмен көрсеткіш Гаитиде.

Рейтинг меншік құқығын қорғау, заң үстемдігі және сыбайлас жемқорлықты бақылау саласындағы көптеген көрсеткішті есепке алады.

ТМД мемлекеттері арасында құқық қорғау, заң үстемдігі, сыбайлас жемқорлықты бақылау саласында Армения көш басында тұр, сот тәуелсіздігі, жеке мүлікті, меншік құқығын қорғау, меншікті тіркеу, кредитке қол жеткізу, зияткерлік меншікті қорғау саласында – Әзербайжан, зияткерлік меншік құқығын және авторлық құқықты қарақшылықтан қорғау саласында – Ресей.

Қазақстан ТМД елдері арасында саяси тұрақтылық санатында жоғары бағаға ие болды. 2021 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша елімізде құқық және бухгалтерлік есеп саласында көрсетілген қызметтер көлемі 25,4 млрд теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,3% аз.

Барлық қызметтің үштен екісі Алматыда көрсетілген: 18 млрд теңге, бір жылда минус 14,7%. Кейін тізімде елорда (5 млрд теңге, бір жылда плюс 7,5%) және Қарағанды облысы (362,3 млн теңге, бір жылда минус 47,7%) тұр.

Түркістан облысында қызмет көрсету көлемі өте төмен: барлығы 5,3 млн теңге, бір жылда минус 86,1%.

Адвокаттық қызмет көрсету бір жылда 28,3%, 3,3 млрд теңгеге дейін азайса, нотариаттық қызметтер бір жылда 4,4 есе өсіп, 43,4 млн теңгеге қызмет көрсетілген.

Бухгалтерлік қызмет секторында аудит бойынша қызметт 24,5%, 8,3 млрд теңге, шоттарды құрастыру және бухгалтерлік есеп саласындағы қызмет 15,6%, 7,6 млрд теңге, салық бойынша кеңес беру 43,1%, 226 млн теңгеге азайған, ал ұлттық басқарушы холдинг үшін бухгалтерлік, салықтық есеп және қазынашылық операциялар саласындағы қызмет 0,1% немесе 109,3 млн теңгеге төмендеген.