Мереке күндері сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс істей ме

0
1 120

Елдегі өңірлердің эпидемиологиялық ахуалына байланысты сауда ойын-сауық орталықтары әртүрлі тәртіппен жұмыс жүргізеді.


Мереке күндері сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс істей ме

ERNUR.KZ. Мереке күндері елдегі сауда ойын-сауық орталықтары жұмысын тоқтата ма? Бұл сұраққа санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова жауап берді, деп жазады ҚазАқпарат.


«Елдегі өңірлердің эпидемиологиялық ахуалына байланысты сауда ойын-сауық орталықтары әртүрлі тәртіппен жұмыс жүргізеді. Қазіргі таңда тек Нұр-Сұлтан қаласы ғана «қызыл» аймақта болғандықтан, елордада жексенбі күндері сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді. Қалған күндері 18.00-ге дейін ашық болады», - деді Роза Қожапова Орталық коммуникациялық қызмет алаңында өткен брифингте .


Еске сала кетсек, кеше Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус таралуының жоғары болуына байланысты «қызыл» аймақта қалып отырғаны хабарланған болатын.

Сонымен қатар «сары» аймақта аталған өңірден басқа Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Атырау облыстары жатыр.