Мерекелік демалыс күндері ХҚО-лар қалай жұмыс істейді

0
432

«Азаматтарға арналған үкімет» ХҚО-лардың жұмыс кестесін жариялады.


Мерекелік демалыс күндері ХҚО-лар қалай жұмыс істейді

ERNUR.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жаңа жылды мерекелеуге байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы ХҚКО-лар 1, 2 және 3 қаңтарда жұмыс істемейді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл ретте 31 желтоқсан, сенбі күні облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы кезекші ХҚО-лар мен арнайы ХҚО-лар келушілерді сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Жаңажылдық мерекелерден кейін 4 қаңтардан бастап ХҚО-лар мен арнайы ХҚО-лар әдеттегідей жұмысын бастайды.

«7 қаңтарда, яғни сенбі күні кезекші ХҚО-лар мерекеге байланысты жұмыс істемейді», - делінген хабарламада.