Министр Қазақстан экономикасы қандай жағдайда екенін айтты

0
2 486

Халықаралық рейтинг агенттіктері 2021 жылғы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсуін 3,2-3,8% деңгейінде болжап отыр.


Министр Қазақстан экономикасы қандай жағдайда екенін айтты

ERNUR.KZ. Қазақстанда ақпан айында жалпы ішкі өнім минус 2,9%-ті құрады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Министр биыл қаңтар-ақпан айында макроэкономикалық көрсеткіштерде оң үдеріс байқалғанын атап өтті.

"Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны қаңтардағы минус 4,5%-тен қаңтар-ақпанда минус 2,9%-ке дейін жақсарды", – деді Ерғалиев үкімет отырысында.

Жылдық инфляция 7,4% деңгейінде сақталған.

Кен өндіру өнеркәсібін қоспағанда, нақты секторда өсім 6,3%-ке дейін жеделдеді. Негізгі капиталға инвестиция 13,3%-ке артты.

Жалпы, оның айтуынша, кен өндіру өнеркәсібінен басқа, нақты сектордың барлық саласы тұрақты өсім көрсетті. Олар құрылыс, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау және ауыл шаруашылығы салалары. Сонымен қатар, ақпарат пен байланыс саласы 9,4%-ке өсті.

Халықаралық рейтинг агенттіктері 2021 жылғы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсуін 3,2-3,8% деңгейінде болжап отыр.